Биылдан бастап құтқарушы еңбекақысы 70 пайызға дейін көтеріледі

0
137
Photo: inbusiness.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмоладағы сапары барысында құтқарушылардың жалақысын көбейту туралы бұйрық берді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

“Президенттің тапсырмасына сәйкес биылдан бастап құтқарушылардың еңбекақысы 10-нан 70 пайызға дейін көтеріледі”, – делінген хабарламада.

14 ақпан күні мемлекет басшысы М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына барды.

Азаматтық қорғау академиясы – төтенше жағдайлардан қорғау саласы бойынша маман даярлайтын еліміздегі жалғыз жоғары оқу орны.

▪️ Қазіргі таңда 569 курсант күндізгі бөлімде, 161 курсант қашықтан оқу бөлімінде білім алып жатыр. Сондай-ақ 168 курсант шетелдік салалық жоғары оқу орындарында оқиды.

▪️ Академия жыл сайын 150-ден астам офицер даярлап шығарады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз