Қаңтарда 123 мыңға жуық адам ҰБТ тапсырды

0
49
ҰБТ тапсырып отырған талапкерлер. Photo: Gylym_Jogary_bilim

Қаңтар ҰБТ-сын 123 мыңға жуық адам тапсырды. Оның ішінде түлектердің 77% – ы қазақ тілінде, 23% – ы орыс тілінде, 91 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

ҰБТ басталғалы шекті балды 83%-ға жуық талапкер жинап, 21 мыңнан астамы (17%-ы) шекті балл жинай алмады. ҰБТ орташа балы 76 балды құрады. Ең жоғары балл – 139.

“Қаңтар ҰБТ-сы 10 қаңтар-10 ақпан аралығында өтті. Жалпы, қаңтардағы ұлттық бірыңғай тестілеуге 123 мыңға жуық адам қатысты. Тестіленушілердің ең көп таңдаған комбинациясы – «Математика-Физика» (19%). Тапсырушылардың 18%-ы «Биология-Химия» комбинациясын таңдаса, 10%-ы шығармашылық емтиханды таңдаған. IT бағыттарға түсуге қажетті жаңа «Математика-Информатика» комбинациясын ҰБТ-ға қатысушылардың 10%-ы тапсырған”, – дейді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Талапкерлердің, соның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкердің тестілеуді ыңғайлы тапсыруы үшін ҰБТ тапсыру уақыты 40 минутқа ұзартылған. Сонымен қатар, олар үшін сызба және диаграммасыз сұрақ жасалған. Қабылданған шара арқасында ерекше білім беру қажеттілігі бар 274 бала ҰБТ тапсырған.

62 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылған. Тестілеу кезінде ереже бұзғаны үшін аудиториядан 98 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз