Қырғызстанның экс-президенті Атамбаев қамаудан босатылды

0
101
Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев. Photo: REUTERS / Vladimir Pirogov

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты сот түзеу колониясынан босатып, сырқатына байланысты шетелге шығып емделуге рұқсат берген, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевқа, қылмыс әлемінің авторитеті Азиз Батукаевты заңсыз босату фактісі бойынша қылмыстық іс Ішкі істер министрлігіне қосымша тергеуге жіберілді. Осылайша, тергеуші сотқа бұрынғы мемлекет басшысына қатысты бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтініш бере алады”, – делінген сайтта.

2020 жылы Атамбаев 11 жыл екі айға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік наградаларынан айырылған.

Алмазбек Атамбаев 2011 жылдан 2017 жылға дейін Қырғызстанды басқарды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз