Қатты боран салдарынан Астана әуежайында 15 рейс тоқтатылды, тағы 18 рейс кешіктірілді. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады. 

“Астана әуежайының әуеайлағында 19 м/с жылдамдықпен және екпіні 23 м/с дейін қатты жел соғып тұр, бұл ұшақтардың ұшуы мен қонуы кезінде қиындықтар туғызуы мүмкін. Сондықтан авиакомпаниялар жолаушылар мен экипаждардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдап жатыр. Жоспарланған 72 рейстің ұшатын жеті рейсі, ұшып келетін сегіз рейсі тоқтатылды. Сонымен қатар ұшатын алты рейс, ал ұшып келетін 12 рейс кешіктіріледі”, – делінген хабарламада.

Жолаушыларға рейстерінің мәртебесі және кестедегі ықтимал өзгерістер туралы ақпарат алу үшін авиакомпаниялармен байланысу керек.

Әуежайды қалың қардан тазарту жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр. Бұған арнайы 23 техника жұмылдырылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз