Париж Олимпиадасының ұйымдастыру комитеті медальдарды ресми түрде таныстырды. Бұл туралы Qazsport.tv хабарлады.

Парижде өтетін Олимпиада жүлделерінің ерекше тұсы – әрбір медальға Эйфель мұнарасының бөлігі қосылған.

Пішіні алтыбұрышты бөліктің ортасына Жазғы Олимпиада ойындарының логотипі бейнеленген. Бөліктің алтыбұрыш болу себебі Франция картасы алтыбұрыш және бейресми түрде бұл елді гексагон деп атайды (латынша, гекса – алты).

Париж Жазғы Олимпиадасы 26 шілде – 11 тамыз аралығында өтіп, спорттың 32 түрінен 329 жүлде сарапқа салынады.

Әзірге Қазақстан құрамасында спорттың 11 түрі бойынша 19 олимпиада жолдамасы бар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз