29 ақпанға дейін “Борышкер” және “Қауіпсіз жол” жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. Polisia.kz хабарлауынша, Астанада 35 млн теңге айыппұл берешегі бар жүргізуші ұсталған.

Полиция қызметкерлері жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесіп, салынған әкімшілік айыппұлдар бойынша берешегі бар, оның ішінде атқарушылық іс жүргізу қозғалған жүргізушілерді анықтайды.

“Мәселен, полицейлер Hyundai Sonata автокөлігін тоқтатты, оның жүргізушісінің 15 млн теңге берешегі бар. Екіншісі, 35 млн теңгеден астам сомада берешегі бар Volkswagen Passat автокөлігінің иесі. BMW X5 автокөлігінің жүргізушісі міндетті сақтандыру шартын жасамағаны үшін жауапкершілікке тартылды”, – деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, әкімшілік бұзушылықтар бойынша берешегі шамамен 2 млн теңгені құраған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз