Дайджест: Өткен демалыста орын алған маңызды жаңалықтар

0
125

Дрондар шоуы: Астана күніне орай елордада 500 дронмен шоу көрсетілді

Астананың 25 жылдығына орай елорда тұрғындары мен қонақтары үшін дрондардың ерекше және бұрын-соңды болмаған шоуы ұйымдастырылды.

«Қазақ елі» алаңында өткен дрондар шоуы елорда аспанын ерекше күйге бөледі.

Дрондар түнгі аспанда Астананың көрнекті нысандарын көрсетті.

Мерекелік бағдарламаға 500 дрон қатысқан.


Атырауда апатты жағдайда жұмысын тоқтатқан зауыт қайта іске кірісті

Бейсенбіде Атырау мұнай өңдеу зауытында мұнай өінімін өндіру қайта басталды.

Атырау мұнай өңдеу зауыты жылу электр станциясында болған апатқа байланысты 3 шілде сағат 17.25-те тоқтады.

Қырғызстанда Садыр Жапаровтың жиені жемқорлыққа күдікпен ұсталды

Бішкекте Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың туысы Ұлан Жапаров ұсталды. 32 жастағы Ұлан Жапаров тергеу изоляторына қамалған. Ол, сот қаулысымен 26 шілдеге дейін қамауға алынған.

«Алдын ала мәліметтер бойынша қылмыстық іс ҚК-нің “Сыбайлас жемқорлық” бабы бойынша қозғалған. Істі ІІМ тергеу қызметі тергеп жатыр», – делінген ақпаратта.

Жергілікті БАҚ хабарлауынша Ұлан Жапаров, президент Садыр Жапаровтың немере ағасы Рақымжан Жапаровтың ұлы.

Twitter-дің баламасы: Meta компаниясы жаңа әлеуметтік желі шығарды

Сәрсенбіде Марк Цукербергтің Мeta компаниясы Threads жаңа желісін ұсынды. Threads қазіргі таңда Twitter-ге бәсекелес болды. Себебі олардың стилдері бірдей десе де болады. Осылайша Threads желісі қолданысқа енісімен, Twitter желісінде талқыланған басты тақырыптардың бірі болды.

Бейсенбі күні таңертеңге дейін желіге шамамен 30 миллион адам тіркелген.

Meta компаниясына тиесілі Facebook, Instagram және WhatsApp желілері қатарына қосылған Threads, Twitter-ге өте ұқсас. Жаңа әлеуметтік желі негізінен мәтіндік хабарламалардан тұрады, бірақ пайдаланушылар фотосуреттер мен видеоларды да орналастыра алады.

Twitter Цукербергті плагиат бойынша және Twitter-дің бұрынғы қызметкерлерін өздеріне жұмысқа алды деп айыптады. Ал, Meta-ның Қоғаммен байланыс жөніндегі директоры Энди Стоун Twitter-дің айыптаулары негізсіз екенін айтты.

«Threads инженерлерінің ешқайсысы Twitter-дің бұрынғы қызметкері емес», – деді ол.

Это гораздо больше, чем мы ожидали»: Threads за два дня набрала 70 млн  пользователей


Өзбекстанда кезектен тыс президент сайлауы өтті

9 шілдеде Өзбекстанда кезектен тыс президент сайлауы өтті. Бұл, конституцияға өзгеріс енгізілгеннен кейін жасалған алғашқы сайлау. Өзгеріс бойынша енді президент 5 жыл емес, 7 жылға сайланады. Бұдан бөлек, 2016 жылдан бері биліктегі президент Шавкат Мирзиеев, 2023 жылы президенттікке сайланса, 2030 жылы тағы да кандидат бола алады.

Сайлауға 4 кандидат қатысты. Бұл Өзбекстанның қазіргі басшысы Шавкат Мирзиеев, Өзбекстан экологиялық партиясының кандидаты Абдушукур Хамроев, сенатор Робахон Махмудова, Халықтық-демократиялық партияның кандидаты Ұлықбек Иноятов.

Жергілікті ОСК мәліметі бойынша, сайлауда дауыс бере алатын адамдардың 69,85 пайыздан астамы өз дауысын қолданған. Яғни 13,46 млн-ға жуық адам дауыс берді. Сонымен қатар, 815 мыңға жуық азамат мерзімінен бұрын дауыс берген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз