Елордада Астана халықаралық форумы басталды

0
99

Елордада Астана халықаралық форумы басталды. Оған мемлекет және үкімет басшылары, жетекші әлемдік сарапшылар мен халықаралық ұйымдардың басшылары қатысады деп күтілуде.

Жиында сыртқы саясат пен халықаралық қауіпсіздік, энергетика және климаттың өзгеруі сынды өзекті мәселелер талқыланады.

Халықаралық форумның тақырыбы — «Диалог арқылы сын-қатерлерді еңсеру: ынтымақтастық, даму және прогресс жолында». Онда жаһандық сын-қатерлердің алдын-алу мәселелері талқыланады. Форумды ұлттық экономика министрлігі ұйымдастырып отыр. Ал шараның техникалық операторы «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы.

Шараға түрлі мемлекеттерден мыңға жуық делегат қатысады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз