Талибан Ауғанстандағы есірткі бизнесінің жолын жауып жатыр

0
241
фото: postimees.ru

BBC агенттігінің журналисі Ауғанстандағы көкнәр алқабының жойылып жатқанын көрсетті. Бұған дейін ауғанстандықтар көкнәрдан апиын шырынын алып, кейін апиын есірткісін (опиум) жасаған, деп хабарлайды Kazaknews.kz Ақпараттық агенттігі.

Оқиға Ауғанстанның Нангахар провинциясының шалғай ауданында болған. Журналист бөліскен видеода Талибан тобы негізінен апиын өндіру үшін қолданылатын көкнәр алқабын жою операциясын белсенді түрде жүзеге асырып жатқаны көрінеді.

Белгілі бір кезеңнен кейін көкнәр өсімдіктері апиын шырынын шығарады. Содан кейін оны жинап, апиын өнімдерінде қолданылады.

Бұл әлемдік аренада өте маңызды қадам болды. Себебі еуропалық нарыққа шығатын заңсыз апиынның 95% -дан астамы дәл осы алқаптардан келеді. Талибан, бұған жол бермеу үшін шаралар қабылдауда.

Алайда, тыйым салынғанына қарамастан, ауғанстандық фермерлер көкнәр өсіруді жалғастырып жатыр.

«Егер дастарқаныңызда ас болмаса, балаларыңыз аш-жалаңаш болса, сіз не істер едіңіз? Егер біз өз жерімізде бидай өсіретін болсақ, отбасын қамтамасыз ету үшін жеткілікті қаражат таба алмаймыз», – дейді жергілікті фермер агенттікке берген сұхбатында.

Түсірілім барысында журналистер былтырғы егіннің қорын жасырын сақтап қалған фермерді жолықтырған. Олардың айтуынша көкнәр өсіруге тыйым салынғаннан кейін, фермердің сақтаған қорының бағасы бес есеге өскен.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз