Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сүйенсек, 2022 жылы 43 қылмыстық іс тіркеліп, 4 мыңнан аса адам қаржы пирамидасынан зардап шеккен, ал шығын 3 миллиардтан асады, деп хабарлайды Kazaknews.kz Ақпараттық агенттігі.
Халықтың ақшаға деген қажеттілігі артқан қоғамда қаржы қақпандары көп. Кейінгі жылдары елімізде бірден байып кетудің түрлі жолын ұсынған ұйымдар қатары кемімесе, азайған жоқ.
Ал Қаржы мониторингі агенттігі сот үкімімен сотталған қаржы пирамидалар ұйымдардың тізімін жариялады: (сот үкімі шығарылған)
- LV Force
- Unique Finance
- B2B Jewerly
- Caspian Cocus
- World Business Consulting
- Finiko
- Investment Consulting Agency
- Eden life, MMK Investment
- Шаңырақ+
- River Coins Limited
- Денежный поток
- Великое будущее
- Нұр-жиһаз
- Лидер Капитал 168
- Нарымбетова
- ПК Ата-мекен 2021
- Айналым 30%,Асыл инвест
- ПК GAP
- Табыс
- Котел
- Раушан касса
- «4 кун 70%, 5 кун 70%», «Bay Life», «Бронь», «Bay Life чеки», «Айналым», «Вип чат»
- Q-net
- Hermes management LTD
Қаражатты инвестициялау барысында тұтынушы белгілі бір компанияда қаржылық пирамида белгілерінің бар-жоғын тексеру үшін AFM Telegram ботын қолданып, тексере алады. Осы жыл басынан бері қызметке 3511 қоңырау түскен.