Әлемде қайтыс болу көрсеткіші көбейеді: Өлімнің басты себебі неде?

0
224

«Our World in Data» сарапшыларының мәліметінше, әлемде адамдардың қайтыс болу себебінің ішінде бірінші орында, жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары орналасқан (32,8%), екінші және үшінші орында қатерлі ісік (17,8%) және тыныс алу органдарының аурулары (7%) тұр. Асқорыту жүйесі аурулары (4,5%) және төменгі тыныс жолдарының инфекциялары (4,4%) да өлімнің негізгі себептері ретінде көрсетілген, деп хабарлайды Kazaknews.kz Ақпараттық агенттігі.

Әлемде қайтыс болған адам саны туралы статистиканы онжылдықтарға бөлетін болсақ:

  • 2011–2020 жылдары қайтыс болғандар саны 567 млн адам
  • 2001–2010 жылдары — 532,3 млн адам
  • 1991–2000 жылдары — 512,7 млн адам
  • 1981–1990 жылдары — 485,2 млн адам
  • 1971–1980 жылдары — 475,7 млн адам

Finprom зерттеуі бойынша алдағы онжылдықтарда әлемде қайтыс болу көрсеткіші

  • 2021–2030 жылдары 645,1 млн адамға,
  • 2031–2040 жылдары 738,1 млн адамға,
  • 2041–2050 жылдары 862,3 млн адамға,
  • 2051–2060 жылдары 975,8 млн адамға,
  • 2061–2070 және 2071–2080 жылдары 1,1 млрд адамға,
  • 2081–2090 және 2091–2100 жылдары 1,2 млрд адамға дейін жетеді деп болжанып отыр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, ковид пандемиясына дейін 2019 жылы 55,4 млн адам қайтыс болса, соның 55%-ы өлімнің 10 негізгі себептерінің біріне байланысты болған.

Бұл «10 себеп» аурулардың үш үлкен тобымен байланысты:

  1. жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары (жүректің ишемиялық ауруы, инсульт),
  2. тыныс алу органдарының аурулары (өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, төменгі тыныс жолдарының инфекциялары)
  3. неонатальды патологиялық жағдайлар (жаңа туған нәрестелердің асфиксиясы және туу жарақаты, сепсис және нәрестелердің басқа да жұқпалы аурулары, сондай-ақ ерте туудың асқынуы).

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз