Түркия президент сайлауының екінші турынан не күтеді?

0
108
Режеп Тайып Ердоған және Кемаль Кылычдароглу фото: birgun.net

28 мамырда Түркияда президент сайлауының екінші туры өтеді. Сайлауда қазіргі президент Режеп Тайып Ердоған және оппозиция басшысы Кемаль Кылычдароглу президенттікке таласады, деп хабарлайды Kazaknews.kz Ақпараттық агенттігі.

Түркиянің өзінде екінші тур 28 мамырға белгіленгенімен, шетелдегі сайлау учаскелерінде дауыс беру басталып кетті. Ол 20-24 мамыр аралығында өтеді.

Ереже бойынша бірінші турда кандидат жеңіп шығуы үшін 50 пайыздан жоғары дауыс жинау керек еді. Сайлауға түскен үш кандидаттың ешқайсысы шекті балдан аса алмай, сайлау екінші турға шегерілді. Енді екінші турда екі кандидаттың ең жоғары дауыс жинағаны жеңіске жетеді.

Қазіргі таңда екі тараптың сайлау алды пропагандасы жалғасып жатыр. Радио мен теледидар арқылы пропаганда жұмысы, шетелдегі сайлау аяқталған күні басталады. (1-турға дейін Ердоған 48 сағат, Кылычдароглу 36 сағат теледидарда пропаганда жасаған.) Қазіргі президент Режеп Тайып Ердоған, халыққа сайлауда жеңсе соңғы мәрте президенттік мансапта болатынын айтса, оппозиция басшысы халықты “Отан үшін” деп сайлауға шақырып жатыр.

«Отаныңды жақсы көретін болсаң, таңдауыңды жаса. Сайлауда мен үшін емес, Отаның үшін дауыс бересің, Отаныңды жақсы көрсең сайлауға кел», – дейді «Ұлт» альянсының кандидаты Кемаль Кылычдароглу.

Режеп Тайып Ердоған сайлау алды халыққа елдегі инфляцияны 40 пайыздан түсіріп, жер сілкінісінен зардап шеккендерге үй береміз деп уәде берген. Ал қарсыласы Кемаль Кылычдароглуның уәдесі, елдегі 10 миллион мигрантты Түркиядан шығарып, шетелге шығарылған 430 миллион долларды елге қайтару болған.

Жергілікті медианың Ыстанбұл халқына жасаған сауалнамасында жастар егер Ердоған сайлауда жеңсе болашақтарының бұлыңғыр екенін айтуда. Ал, Кемаль Кылычдароглу мемлекеттің экономикалық проблемасын шешеді деп үміттенуде.

Сауалнама видеосының астына пікір қалдырғандардың арасында көбісі қазіргі билікті сынап, Кылычдароглуға қолдау білдіріп жатыр. Кейбірі видеодағы айтылған аргументтерге қосылып, елдің қазіргі жағдайын сынап та жатыр. Ал, Ердоғанды қолдаған пікірлер аз болды. Олар пікір алаңына тек Ердоғанның атын жазып, өз ұстанымдарын көрсетті.

Resul Güneş атты желі қолданушысы, сауалнамаға қалдырған пікірінде:

“Мен Франкфуртта туып-өстім, Антальяға демалуға келдім, бәрі қымбат екенін байқадым. Туристер тамақ пен сусыннан қиналмай жүргенін көріп, өз халқыма ішім ашыды”, – деп жазған.

Ал тағы бір Mustafa Kılınç атты желі қолданушысы Ердоғанды жақтап, жүрек белгісімен:
“РЕЖЕП ТАЙЫП ЕРДОҒАН” – деп жазып қойған. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз