БҚО-да 150 киік өлексесі табылды

0
117

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Күйгенгүл округінің аумағы Ащыөзек өзенінің жағасынан 150-ге жуық киік өлексесі табылған, деп хабарлайды Kazaknews.kz Ақпараттық агенттігі.

Өлген киіктердің 95% – ы төлі, 5% – ы аналықтары. Жануарлардың ұшалары 300 метр радиуста жатқан.

«Патологиялық материалдарды, сонымен қатар аумақтағы өсімдік, топырақ және ауа сынамаларын алу үшін оқиға орнына “Бөкейорда” резерватының қызметкері мен Жәнібек ауданының ветстанциясы, санэпидқызметі өкілдері жіберілді, сынамалар алынғаннан кейін аталмыш өлекселер Жәнібек әкімдігі мен “Охотзоопром “ӨБ”РМҚК қызметкерлерімен жойылады», – делінген Экология министрлігі таратқан ақпаратта.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз