Мектепте 7 жылдан астам уақыт директор болғандар тексеріледі – Министрлік

0
255
фото: atpress.kz

Оқу-ағарту министрлігі мен Антикор бір мектепті жеті жылдан аса уақыт басқарған директорды тексереді, деп хабарлайды Kazaknews.kz Ақпарат агенттігі Ulysmedia-ға сілтеме жасап.

Министрлік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарын қаржыландырудағы коррупциялық тәуекелдерге сараптама жүргізуде.

“Сараптаманың алдын-ала нәтижелері  бойынша конкурс рәсімдерінде, жұмысқа орналасуда, балаларды балабақшаға, мектепке қабылдауда, сондай-ақ ұйым директорларының ұзақ уақыт бір қызметте отыруында сыбайлас жемқорлық тәуекелі бар екені белгілі болды. Лауазымды бір  қызметті жеті жылдан аса уақыт кезеңінде атқарып келе жатқан басшылардың барлығын тексеру туралы шешім қабылданды“, – дейді министр Ғани Бейсембаев.

Бейсембаевтың сөзінше, мектеп директорларын тағайындау рәсімдерінің жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында министрлікте жоғары білікті мұғалімдердің базасы мен мектеп директорларының кадрлық резервін қалыптастыру қолға алынады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз