ЭКСПО-2017 көрмесінің жабылу рәсіміне 30 мемлекет басшы қатысады

0
135
ашық дереккөздерден алынды

10 қыркүйекте өтетін ЭКСПО-2017 көрмесінің салтанатты жабылу рәсіміне 30 елдің басшысы қатысады.

Кеше Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясына қатысқан ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Талғат Мұсақанов ЭКСПО-2017 көрмесінің жабылу салтанатының қауіпсіз өтуіне соңғы дайындықтардың жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Полковник Мұсақанов, сондай-ақ, министрліктің Астанада өтетін Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының (ИЫҰ) Саммитына да сақадай сай екенін айтты.

Астанада өтетін ИЫҰ Саммитына және «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің жабылуына 30 мемлекеттің президенті келеді. Қонақтарды қалаға орналастыру мен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде арнайы күзет пен кортедж алып жүретін болады,-

деді ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төраға орынбасары Талғат Мұсақанов.

Сонымен қатар, айтулы күндері қала ішіндегі тәртіп пен қауыпсіздікті сақтау мақсатында құқық қорғау саласының 9 мың қызметкері жұмылдырылатын болады. Ішкі Істер министрлігінің қызметкерлері қала көшелері бойынша дайындық жүргізіп, қызметкерлер арасында арнайы жаттығулар өткізді.

Бұдан бөлек, бұл күндері қалада кептеліс болып, кейбір көшелер жабылуы мүмкін. Алдағы уақытта бұл туралы қала тұрғындары мен қонақтары үшін қосымша ақпарат берілетін болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз