Назарбаев Ислам қаржысы саласы бойынша жаһандық сыйлық табыстады

0
12

Нұрсұлтан Назарбаев Ислам қаржысы саласы бойынша жаһандық сыйлық табыстады.

Биыл «Исламдық қаржыландырудағы жаһандық көшбасшы» (GIFA) сыйлығының негізгі номинациясында Джибути Республикасының Президенті Исмаил Омар Геллеге ұсынылды. GIFA сыйлығын Джибутилік президентке Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев табыстады.

GIFA сыйлығы Ислам қаржы саласының негізгі марапаттарының бірі болып саналады. Сыйлық 2011 жылдан бастап беріліп келеді. Марапаттың негізін қалаушысы – EdBiz Sogrogatiyon: исламдық қаржыландыру бойынша жаһандық есеп жариялайтын ағылшын компаниясы.

Биыл Ислам қаржысы саласы бойынша берілетін 7-ші жаһандық сыйлыққа Қазақстан
Республикасының Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов, Татарстан Республикасының Президенті Рустам Минниханов, Ресей Федерациясының Орталық Банкінің Төрағасы Эльвира Набиулина лайық көріліп, исламдық қаржы нарығын өңірлік деңгейде дамытуға және ілгерілетуге елеулі үлес қосқан үлестері үшін марапатталды.

Сондай-ақ, «Үздік банкир», «Үздік ислам банкі», «Исламдық қаржыландыру саласындағы инновациялық өнім» және т.б. 50-ден астам номинация бойынша марапаттар табысталды.

Атап өтсек, 2014 жылы оныншы Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумы шеңберінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне GIFA сыйлығының «Ислам қаржысы саласындағы жаһандық көшбасшы» номинациясында марапаттау рәсімі өткізіліп, 4-ші жаһандық сыйлық Елбасыға берілген болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз