Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі халықты біріге жұмыс істеуге шақырады

0
7

Орталық коммуникациялар қызметінде «Мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың өзара қарым-қатынасы: қазіргі жағдайы мен болашағы» тақырыбында өткен баспасөз конференциясына қатысқан Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов қоғамдық кеңестер мен мемлекеттік органдардың басты міндетінің шешім қабылдағанда халықтың мұң-мұқтажын, ұсыныстарын барынша ескеру екенін ескертіп, осы жұмыстың біріге атқарылуы керек екенін атап өтті.

Вице-министр Абзал Нүкеновпен бірге баспасөз конференциясына сол министрліктің Азаматтық қоғам істері комитетінің төрайымы Әлия Ғалымова да қатысты.

Конференцияда мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың өзара әрекеттестігінің негізгі бағыттары баяндалды. Мұнымен қоса, министрліктен келген ұсыныстар жайында, атап айтсақ, жиында волонтерлік қызмет және қоғамдық кеңестердің қызмет етуін дамыту саласындағы жұмыстар жайлы сөз қозғалды.

Сонымен қатар, жиында мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландырудың жаңа механизмдері ретінде гранттар мен премиялардың енгізілігені айтылды. Қазіргі уақытта әртүрлі әлеуметтік бағыттар бойынша жалпы сомасы 600 млн теңгеден асатын 55 гранттық жоба мен 8 ортақ мемлекеттік органның 365-ке жуық салалық құрылымдарының қатысуымен республика бойынша орта деңгейде жалпы сомасы 596,2 млн теңгені құрайтын 43 жоба іске асырылып жатыр.

Конференция барысында Абзал Нүкенов елімізде 229 қоғамдық кеңес ұйымының жұмыс істейтінін еске салып, бұл бөле жара қарайтын жұмыс емес, баршаға ортақ жұмыс екенін мәлімдеді. Вице-министр Нүкенов: “Біз қазір рухани жаңғырту туралы, сананың жаңғыруы туралы сөз қозғап жатырмыз. Қоғамдық сананың рухани жаңғыруы туралы айтылғанда әрқайсысымыз мейлі шенеунік болсын, мейлі қоғам қайраткері немесе ғалым болсын, әркім өзінен бастауы тиіс. Келер жас ұрпақты саналы тәрбиелеу үшін әркім қазірден өзінен бастасын. Егер де қоғамдық кеңестер қауқарсыз болса, ондай кеңесердің қоғамға қажеті жоқ”, – деп кесіп айтты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз