Lufthansa әуе компаниясы ақпан айынан Қазақстанға рейстерді қайта бастайды. Бұл жөнінде азаматтық авиация комитеті хабарлады.
“7 ақпаннан бастап Lufthansa неміс әуе компаниясы Қазақстанға Франкфурт-Нұр-Сұлтан және Алматы бағытында А330 ұшағымен аптасына 2 рейс жиілігімен рейстерді қалпына келтіруді жоспарлап отыр. Франкфурт-Алматы бағыты бойынша рейстер дүйсенбі және бейсенбі күндері, Алматы-Нұр-Сұлтан-Франкфурт бағыты бойынша сейсенбі және жұма күндері ұшады” делінген хабарламада.
Айта кетейік, Lufthansa әуе компаниясы Қазақстанға ұшатын рейстерін 22 қаңтарға дейін тоқтатқанын хабарлаған.