Түркістан облысында шопан мен мыңнан астам қой өртеніп кетті

0
259
Өртенген отар қойдың күлі.

31 қаңтар таңертең Түркістан облысында шопан мен 1100-ден астам қой өртеніп кетті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

“31 қаңтар күні сағат 07:15-те 101 пультіне Бәйдібек ауданы, Алғабас ауылынан 5 шақырым жердегі шаруа қожалықта екі қабатты ғимарат өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті. Ғимараттың бірінші қабатында ұсақ мал қамалып, екінші қабатында шөп сақталған. Фермадан жақын маңдағы өрт сөндіру бекетіне дейінгі қашықтық 40 шақырым. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 40 минутта жеткен. Төтенше жағдайдан шопанның мәйіті табылды, 1150 бас қой мен 150 тонна сығымдалған шөп өртеніп кетті”, – деді дүйсенбі күні ТЖМ баспасөз хатшысы Талғат Уәли.

ТЖМ өкілінің айтуынша, өрт 9.37-де ауыздықталған, 10.23-те өшкен.

“Өрт аумағы 781 шаршы метрді шарпыған. Шығу себебі анықталуда. Өртті сөндіруге Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 15 өрт сөндіруші мен төрт техника жұмылдырылды”, – деді Уәли.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз