Алматыда қалың тұманнан әуе рейстері кейінге шегеріліп жатыр

0
166
Алматы әуежайы. Photo: Tengrinews.kz

31 қаңтар таңертеңнен Алматыны қалың тұман басып әуе рейстері кейінге шегеріліп жатыр. Бұл туралы Tengrinews сайы хабарлады. 

Әуежайдың онлайн рейстер кестесіне сәйкес, 12 рейс кейінге шегерілген. Нұр-Сұлтан – Алматы бағытындағы бес ұшақ кешігіп жатыр. Бұл бағыттағы рейстер Air Astana, Fly Arystan, Qazaq Air және SCAT әуе компанияларына тиесілі.

Сонымен қатар Шымкент, Атырау, Жезқазған, Өскемен және Пхукет рейстері де кешігуде. Бес ұшақ Алматыдан Нұр-Сұлтан, Атырау, Ақтөбе және Жезқазғанға ұшуы керек еді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз