Мүфтият Қазақстан қалаларына арналған ауызашар кестесін жариялады. Өз қалаңыздың кестесін мына сілтемеден жүктеп алуға болады.
Айта кетейік, биылғы Рамазан айы 2 cәуірде басталады. ҚМДБ бұл шешімді Өзбекстан, Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасымен кеңесе отырып қабылдаған. Бұған сәйкес биыл Рамазан айы 2 сәуірде басталып, 1 мамырда аяқталады. Ораза 30 күн болмақ. 2 мамыр – Ораза айт күні. 27 сәуірден 28 сәуірге қараған түн – Қадір түні.
Сондай-ақ, биыл пітір мөлшері 500 теңге болып белгіленді. Пітір садақаның мөлшері Қазақстан бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды.