Қазақстан Украина азаматтарына гуманитарлық көмек жіберді

0
288
Гуманитарлық көмек артқан қазақстандық ұшақ. Photo: Ministry for Emergency Situations of the Republic of Kazakhstan.

Дүйсенбі күні Қазақстаннан Украина азаматтарына арналған гуманитарлық көмек артқан ұшақ Польшаның Катовице қаласына ұшты. Бұл арнайы рейсті президент Тоқаевтың тапсырмасымен төтенше жағдайлар министрлігі ұйымдастырған.

“17,5 тонна жүктің ішінде азық-түлік, төсек-орындар бар. Бұған дейін Қазақстан 28,2 тонна 17 түрлі дәрі-дәрмек – антибиотиктер, қабынуға, жөтелге және гипертонияға қарсы препараттар түріндегі гуманитарлық көмек жіберген болатын”, – делінген президент баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Жүк жеткізген ұшақ қайтарда Украинадан Польшаға келген Қазақстанның бірнеше азаматы мен олардың отбасы мүшелерін дипломаттардың көмегімен алып қайту жоспарланған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз