Мүфтият: Биыл Рамазан айы 2 сәуірде басталады

0
425
Әзірет Сұлтан мешітіне Ораза айт намазына жиылған халық.

Мұсылмандардың қасиетті Рамазан айы биыл 2 сәуірде басталады. Бұл шешім жұма күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төралқа мәжілісінде белгілі болды.

Оқи отырыңыз: Рамазан айындағы өзекті сұрақтардың жауабы

Мүфтият бұл шешімді Өзбекстан, Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасымен кеңесе отырып қабылдаған. Бұған сәйкес биыл Рамазан айы 2 сәуірде басталып, 1 мамырда аяқталады. Ораза 30 күн болмақ. 2 мамыр – Ораза айт күні. 27 сәуірден 28 сәуірге қараған түн – Қадір түні.

Сондай-ақ, биыл пітір мөлшері 500 теңге болып белгіленді. Пітір садақаның мөлшері Қазақстан бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз