1 наурызда көктемгі су тасқыны кезеңінде жол төсемін сақтау мақсатында бір оське 8 тоннадан астам жүктемесі бар жүк және ірі габаритті автокөліктер үшін қозғалысқа шектеу енгізілді. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Осылайша, 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды (Жезқазған өңірі), Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарының жолдарында қозғалысқа шектеу енгізілді.
Сондай-ақ, 23 наурыздан 1 мамырға дейін — Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды (Қарағанды өңірі), Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында да қозғалысқа шектеу енгізіледі.