Қазақстандық ғалым қант диабетін емдеуге арналған жасуша ойлап тапты

0
367
Қант.

2 наурызда молекулярлық биология және биохимия институтының ғалымы Бақытжан Әлжанұлы геномды редакциялау көмегімен I типті қант диабетін емдеуге арналған бірегей жасушаларды ойлап тапты. Бұл туралы білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл жасушаларды трансплантациялау ұйқы безіне инсулин өндіруге ғана емес, сонымен бірге оның денедегі деңгейін өз бетінше реттеуге мүмкіндік береді. Болашақта құрылым, науқас пациенттердің безіне трансплантацияланады.

photo: lenta.inform.kz Бақытжан Әлжанұлы

“Біздің бұл әдісіміз бірегей болып есептеледі. Біз инсулин синтезіне жауап беретін ұйқы безінің жаңа жасушалық тізбегін жасадық. Негізгі мақсатымыз І типті қант диабетін емдеудің заманауи тәсілдерін табу болды. Атап айтқанда, өзінің табиғи инсулинін шығаратын жасушалық терапияны табу болды”, – деп айтты Әлжанұлы.

Бүгінгі таңда әлемде І типті қант диабетін емдеу әдісі жоқ, пациенттер тек инсулин терапиясы бойынша емделеді. Қазіргі уақытта дүниежүзі ғалымдары трансплантациялауға болатын жасушаларды әзірлеумен айналысып жатыр. Қазақстандық биотехнолог өз жұмысында бұрын-соңды ғылымда қолданылмаған бета-клеткаларды алу әдісі арқылы бірегей нәтижелерге қол жеткізді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз