Lada көліктерінің бағасы бірден 15%-ға өсті

0
149
photo: lada.ru Лада Веста – Lada Vesta
“АвтоВАЗ” концерні 1 наурыздан бастап LADA автомобильдерінің бағасын күрт өсірді. Орташа өсім – шамамен 15%. Бұл туралы sputnik.kz сайты хабарлады.
Қазіргі бағаға сәйкес, ең арза Lada Granta 685 мың рубль немесе 7 мың доллар ға сатылады (+14%).
  • Vesta – 1 миллион 33 мың рубль немесе 10,5 мың доллар (+20%),
  • Largus Universal – 1 миллион 77 мың рубль немесе 10,9 мың доллар (+30%),
  • Xray – 1 миллион 10 мың рубль немесе 10 мың доллар (+22%),
  • Niva Legend – 777 мың рубль немесе 8 мың доллар (+9%),
  • Niva travel 1 миллион 4 мың рубль немесе 10 мың доллар (+14%).
Осымен баға бір жылда екінші рет көтеріліп тұр. Әдетте өсім 1-3%-тен аспайтын.
АвтоВАЗ толық өндіріс циклі бойынша автомобильдер мен Lada және Renault-ға арналған компоненттер шығарады. Зауыттар Тольятти мен Ижевскіде орналасқан.
Lada бренді бес модельден тұрады: Vesta, Xray, Largus, Granta және Niva. Брендтің ресейлік автомобиль нарығында 20%-тен астам үлесі бар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз