Жексенбі 5 желтоқсан күні Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев мемлекеттік сапармен Нұр-Сұлтанға келді. Бұл жөнінде Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Шавкат Мирзиёевті ресми сапармен келуге Қасым-Жомарт Тоқаев шақырған.
Сапар аясындағы негізгі іс-шаралар дүйсенбі, 6 желтоқсанда өтеді.
“Жоғары деңгейдегі келіссөз барысында саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық және көлік-логистикалық ынтымақтастықты дамыту, мәдени-гуманитарлық алмасуларды кеңейту мәселелері талқыланады. Көшбасшылар өңірлік және халықаралық саясат мәселелері бойынша да пікір алмасады”, – делінген хабарламада.
Келіссөздер қорытындысы бойынша 20-дан астам құжатқа қол қою жоспарланған.