Қазгидромет: Алдағы үш күнде солтүстікте суық ауа райы күтіледі

0
195

Метеоролог мамандардың болжамы бойынша 7-9 желтоқсан аралығында Қазақсанның солтүстік аймақтарында ауа райы аяз болады.

Алдағы күндері Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлеріне Атлант аймағынан суық антициклон қозғалуда. Суық ауа массаларымен қоректенетін циклон ауа температурасының күрт төмендеуіне әкеледі.

7-8 желтоқсанда түнгі уақытта солтүстік пен шығыста термометр 22-30 аязды көрсететін болады. Ал оңтүстік өңірлер Иран аудандарынан келетін жылы ауа массаларының қорғауында қалады. Мұнда айтарлықтай салқындау күтілмейді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз