Мирзиёев Қазақстанға келді

0
220
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев.

Жексенбі 5 желтоқсан күні Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев мемлекеттік сапармен Нұр-Сұлтанға келді. Бұл жөнінде Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Шавкат Мирзиёевті ресми сапармен келуге Қасым-Жомарт Тоқаев шақырған.

Қазақстан президенті әріптесін әуежайдан өзі күтіп алды.

Сапар аясындағы негізгі іс-шаралар дүйсенбі, 6 желтоқсанда өтеді.

“Жоғары деңгейдегі келіссөз барысында саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық және көлік-логистикалық ынтымақтастықты дамыту, мәдени-гуманитарлық алмасуларды кеңейту мәселелері талқыланады. Көшбасшылар өңірлік және халықаралық саясат мәселелері бойынша да пікір алмасады”, – делінген хабарламада.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев.

Келіссөздер қорытындысы бойынша 20-дан астам құжатқа қол қою жоспарланған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз