Нұр-Сұлтандықтар жол бойындағы автотұрақтарға ақша төлеуге міндетті емес

0
167
Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігі

Елордалықтар ресми рұқсат алмай жұмыс жасаған “Астана автотұрақ кеңістігі” ЖШС паркоматтарына ақша төлеуге міндетті емес. Таяуда осы уақытқа дейін төлеген ақшаларын қайтарып алады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің сайты хабарлады.

Көлік жүргізушілеріне “Нұржол” бульварынан басқа, көше мен жол бойында орнатылған “Астана автотұрақ кеңістігі” ЖШС автотұрақтарына жасаған төлемдерін қайтару туралы кейінірек хабарланады.

Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының бөлім басшысы Марат Есеркеповтің айтуынша, паркоматтардан қалалық бюджетке ақша түспеген, керісінше пайдалануға ресми рұқсат алмағаны үшін халықтың төлеген ақшасы тікелей ұйымның есебіне аударылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз