Коронавирустың мутациясы таралған: Данияда 17 миллион күзен жойылады

0
324

Жануардан адамға коронавирустың мутациясы таралғаннан кейін Дания үкіметі шамамен 17 миллион күзенді жою жөнінде шешім қабылдады. Бұл туралы Reuters сайты хабарлады.

Премьер-министр Метте Фредериксеннің айтуынша, күзеннен мутацияланған вирус болашақ вакциналардың тиімділігін төмендетеді. 

“Біз, әрине өз халқымыздың саулығы үшін жауаптымыз, алайда қазіргі таңда мутацияланған вирустың әсерінен әлем халқының алдында жауапкершілігіміз одан әрмен асты”- деді премьер-министр Метте Фредериксен.

Қазір Данияда 15-17 миллиондай күзен бар. Себебі бұл ел күзен жүнін өндіру бойынша әлемде бірінші орында. Бұл жерде 1200-дей күзен фермасы бар. Күзендерін жойған фермерлерге үкімет өтемақы беретінін айтты. Алайда, барлығын толыққанды жою уақыты әзірге белгісіз.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз