Қазақстандықтар биыл наурыз мейрамында 5 күндік жұмыс кестесі бойынша бес күн, ал 6 күндік жұмыс режиміндегілер төрт күн демалады.
Наурыз мейрамы мемлекеттік дәрежеде 21-23 наурыз аралығында аталып өтіледі. Осыған орай 21 наурыз демалыс күніне келгені үшін, жексенбіден сәрсенбі күніне ауыстырылады. Нақтырақ 20, 21, 22, 23, 24 наурыз күндері мейрамға байланысты демалыс.
Бейсенбі 25 наурыз күні барлық ұйымдарға жұмыс күні.
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин шараларының күшейтілуіне байланысты, мерекелік шара ұйымдастыруға қатаң тыйым салынды. Сол себепті қос қаланың тұрғындары мейрамды өз үйлерінде отбасы мүшелерімен атап өтеді.
Күнтізбе бойынша 22 наурыз күн мен түннің теңеседі.