Бұрынғы “билік журналисі” шенеуніктердің бизнес ұшақтары туралы айтты

0
659
Photo: Facebook/Erbol Mandibek

Жыл сайын Қазақстан министрлер кабинетінің мүшелері мен парламент басшыларының әр аймаққа ұшуы үшін бюджеттен шамамен 20 млрд теңгеге дейін қаражат жұмсалады. Бұл туралы ұлттық арнаның бұрынғы журналисі Ербол Мандибек Facebook парақшасында жазды.

Мәндібектің айтуынша, премьер-министрге және оның төрт орынбасарына жеке-жеке ұшақ қарастырылған. Бірақ, үкіметтің авиациялық шығындары еш жерде айтылмайды. Президенттің іс басқармасына қарайтын “Беркут” авиакомпаниясының сайтында супер-джеттер туралы ешқандай мәлімет жоқ.

“Мен отырған мына ұшақтың құны 140 миллион доллар тұрады. 2015 жылы шығарылған. Дәл осындай су жаңа су мұрынның төрт түріне отырып ретсіз рәсуаларға куәгер болдық. Рәсуә дейтінім, мынау тұрған Қарағандыға ұшақ алдырған “көкелерді” көрдік. Талдықорғанда отырып тиіп тұрған Алматыға ұшақ алдырған сәттерге мен ғана емес, танымал блогерлер де куә.” – дейді журналист Ербол Мандібек

Журналистің айтуынша, премьер-министр Асқар Маминнің ұшағына артық адам отырмайды. Мәселен, өңірлерге жұмыс сапары кезінде вице-премьерлерге бөлек бизнес-ұшақ қарастырылған. Оған министрлердің мінгесуіне рұқсат. Одан бөлек, Үкімет мүшелерінің авиапаркі Нұр-Сұлтан қаласындағы әуежайдың арғы бетіндегі VIP-терминалда орналасқан. Ол жерде үкімет мүшелеріне және форбс тізіміндегі бай-манаптарға күндіз-түні қызмет көрсетіледі.

“Бизнес санаттағы ұшақтың 1 сағаты кемі 5000 евродан басталады. 10 сағат жалдасаңыз 50 000 евро. Ұлттық валютамен есептесеңіз шамамен 25 миллион теңге. Бұл-бір бағыттың ғана шығыны. Ал, халықаралық ұшулар құны 40 000 евродан басталады. Жылына кемінде ішкі және сыртқы 30-40 жұмыс сапары жоспарланады. Оның шығынын есепшотқа соға беріңіз. Сомасы миллиардтарды құрайды.” – дейді журналист.

Премьер-министрді, 4 вице-премьерді және министрлерді, сенат пен мәжіліс төрағаларын тасымалдауға жыл сайын республикалық бюджеттен 15-20 миллиард теңге қарастырылады.

Қызмет құнына ұшақтардың ішінде құнарлы тағаммен қоса, қызыл-қара икра, арақ-виски, экзотикалық жеміс-жидек ұсынылады.

“Орташа есеппен алсақ, соңғы он жылда Үкіметтің ұшып-қонуына ғана 200 миллиард теңгеге жуық ақша бюджеттен шығындалыпты. Бұған 19 министрліктің командировочный шығындарын қосыңыз. Мәселен, Бейбіт Атамқұлов басқаратын Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі іссапар шығындарына 250-300 миллион теңгеге дейін қарастырған.” – делінген журналист жазбасында.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз