Қазақстандағы пойыздарда негізгі санитарлық-карантиндік шараларды белгілейтін қаулы қабылданды.
Қаулы тасымалдаушылар жұмысына ғана қатысты емес. Құжатты вокзал әкімшілігі, тасымалдау саласындағы кәсіпорындар мен көлікке қызмет көрсету ұйымдары басшылыққа алады.
- Вокзал ғимаратына тек билеті бар жолаушылар кіргізіледі;
- Жолаушылар маска тағуға, ал жолсеріктер бетпердемен қоса қолғап киюге міндетті;
- Шығарып салушылар вокзал ғимаратына кіре алмайды, туысқандарымен сыртта қоштасуы тиіс;
- Вокзалдың өзіндік қауіпсіздік қызметі кіре берісте барлық адамның дене қызуын тексереді;
- Вокзал ішінде, пойызға отырарда және одан түсерде жолаушылар арасында әлеуметтік ара қашықтық сақталуы тиіс;
- Вагондар арасында жолаушылардың қозғалысы шектеледі;
- Пойыз жүргеннен кейін жолсеріктер жолаушыларға анкета таратады;
- Жылжымалы құрам вагондарында кондициялау, желдеткіш жүйелері мен желдеткіш сүзгісін ауыстыруға ревизия жүргізіледі;
- Вокзал мен пойыздарда жұмыс істейтін қызметкерлер әр ауысым алдында медициналық тексерістен өтеді.
Егер жағдай тұрақталса, бұл ереже уақытымен жеңілдетіледі.