Нұр-Сұлтанда тағы бір қаржы пирамидасы құрықталды

0
175
Photo: zanmedia.kz

Елордада “Реальные доходы” қаржы пирамидасының негізін қалаушы ұсталды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады. 

Нұр-сұлтан қалалық полиция департаменті 45 жастағы азаматшаның үстінен қылмыстық тергеу жүргізіп жатыр. Ол өткен жылдың мамыр айынан бастап қаржы пирамидасын басқарып халықты алдау арқылы ақша жымқырған.

Күдікті барлығын Whatsapp мессенджеріне екі бірдей топ ашумен бастаған. Олар: “Реальные доходы 1” және “Реальные доходы 2”.  Бар ойы оқырмандарын қалайда жымқыру болған азаматша, “өзге бизнес жобаларда жоғалтқан ақшаларыңды қайтарып аласыңдар” деп уәде берген. Оған сенген оқырмандары алғашқы салымын 20 мың теңгеден бастап қояды және оны 15 күн ішінде 100 пайыз қайтарып аламыз деп ойлаған.

“Қазіргі уақытта 40-тан астам салымшы полицияға жүгінген. Сотқа дейінгі тергеуде алаяқтың әрекетінен Қазақстанның әр аймағында тұратын 300-ден астам адамның зардап шеккені анықталды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабы қаржы пирамидасын құру және басқару бойынша тергеу жүргізіліп жатыр”, – деп мәлімдеді полиция департаменті.

Күдікті қолға түсіп тергеу изоляторына жабылды.

Полиция департаменті қаржы пирамидасынан басқа да зардап шеккен қазақстандықтарды тез арада “102” номеріне қоңырау шалуларын сұрйды.

Мерей Кенжеғали

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз