Пойыз жолаушылары нені ескеруі қажет?

0
233
Photo: "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Қазақстандағы пойыздарда негізгі санитарлық-карантиндік шараларды белгілейтін қаулы қабылданды. 

Қаулы тасымалдаушылар жұмысына ғана қатысты емес. Құжатты вокзал әкімшілігі, тасымалдау саласындағы кәсіпорындар мен көлікке қызмет көрсету ұйымдары басшылыққа алады.

  • Вокзал ғимаратына тек билеті бар жолаушылар кіргізіледі;
  • Жолаушылар маска тағуға, ал жолсеріктер бетпердемен қоса қолғап киюге міндетті;
  • Шығарып салушылар вокзал ғимаратына кіре алмайды, туысқандарымен сыртта қоштасуы тиіс;
  • Вокзалдың өзіндік қауіпсіздік қызметі кіре берісте барлық адамның дене қызуын тексереді;
  • Вокзал ішінде, пойызға отырарда және одан түсерде жолаушылар арасында әлеуметтік ара қашықтық сақталуы тиіс;
  • Вагондар арасында жолаушылардың қозғалысы шектеледі;
  • Пойыз жүргеннен кейін жолсеріктер жолаушыларға анкета таратады;
  • Жылжымалы құрам вагондарында кондициялау, желдеткіш жүйелері мен желдеткіш сүзгісін ауыстыруға ревизия жүргізіледі;
  • Вокзал мен пойыздарда жұмыс істейтін қызметкерлер әр ауысым алдында медициналық тексерістен өтеді.

Егер жағдай тұрақталса, бұл ереже уақытымен жеңілдетіледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз