Президент Тоқаев Ұмра қажылығында қандай тілек тілегенін айтты

0
241
photo: tg/ Борт N1

Мемлекет басшысы 27 қыркүйекте жұмыс сапарымен Түркістанға барып, халықпен кездесуі барысында Меккеде тілеген тілегімен бөлісті, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Президенттің халықпен кездесуі барысында айтуы бойынша ол ел амандығы мен халқымыздың бірлігін тілеген.

“Мен қасиетті Меккеге барған кезде Қағба төрінде және осы жолы киелі Түркістанда ата-бабаларымызға құран бағыштап, хандарымыздың рухына тағзым етіп, Алладан бір-ақ тілек тіледім. Ол – еліміздің амандығы және халқымыздың бірлігі”, – дейді президент.

Естеріңізге сала кетейік,  23 шілде күні президент Тоқаев Сауд Арабиясына Король Салман бен Әбделазиз Әл Саудтың шақыруымен ресми түрде барып, 24 шілдеде мемлекет басшысы ислам әлемі үшін қасиетті мекен – Мекке қаласында ұмра (кіші) қажылығын өтеген болатын.

Оқи отырыңыз: Президент Тоқаев ұмра қажылығын өтеді

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз