Оралу Қоғам Референдумда не үшін дауыс береміз? Референдум не үшін қажет?

Референдумда не үшін дауыс береміз? Референдум не үшін қажет?

0
459
Photo: Inform.kz

Еліміз өзінің дамуының келесі бір кезеңіне өтудің алдында тұр. Биыл мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында саяси жаңғыру туралы ауқымды бағдарламасын ұсынды. 5 маусымда осы мақсатта арнайы жұмыс тобы әзірлеген заң жобасының тағдыры шешіледі. Бұл туралы 18 мамырда Орталық коммуникациялар қызметінде Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстарды дайындау жөніндегі жұмыс тобының мүшелері мәлімдеме жасады. 

Республикалық референдум – Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының және мемлекеттiк өмiрiнiң өзге де неғұрлым маңызды мәселелерiне арналған шешiмдердiң жобалары бойынша бүкiлхалықтық дауыс беру. Жоғары сот жанындағы Сот төрелігі Академиясының ректоры Зәуреш Баймолдина референдумның не үшін қажет екенін түсіндірді.

«Референдум халықтың өз еркі арқылы неғұрлым маңызды жалпы мемлекеттік міндеттерді, оның ішінде саяси сипаттағы міндеттерді қалай шешуге болатынын анықтау үшін қажет. «Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мұқият зерттегендер бұл жобада елдің саяси жүйесін трансформациялауға, құқық қорғау институттары мен тетіктерін күшейтуге, тұтастай алғанда – қоғамның бүкіл экономикалық, әлеуметтік және мәдени өмірін жаңартуға басымдық берілгеніне назар аударған болар», – деп атап өтті сарапшы.  

Қазақстан азаматы қабылдаған шешім біздің мемлекетіміздің одан әрі дамуына әсер етеді.  5 маусымда өтетін референдум еліміздің әрбір азаматы алдында Президент бастамашылық еткен саяси реформаларды ашатын перспективаларды айқындайды.

«Жалпы, республикалық «референдум» латын тілінен аударғанда «халықтың шешімі» деген мағынаны білдіреді. Мұндай мемлекеттік маңызы бар өзгерістердің тағдырын Қазақстан азаматтары өзі шешпек. Бұл әлемдік практикада қалыптасқан ең демократиялық жол. Шетелдік тәжірибеде референдум институты кең тараған. ХІХ ғасырдан бері, мысалы, Швейцарияда 500-ден артық референдум өткізілген. Бұл референдумдарға заң жобалары, конституциялық өзгерістер, елдің аумақтық өзгерістері, басқа да маңызды мәселелер енгізілген. Бұл жердегі мақсат бір – тағдыршешті мемлекеттік шешімдерді халықтың тікелей қатысуы арқылы қабылдау», – деді конституциялық кеңестің аппарат басшысы Бақыт Нұрмұханов.

Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясының ректоры Зәуреш Баймолдинаның айтуынша референдум суперпрезиденттік басқару формасынан президенттік республикаға көшудің алғышарттары, тиісінше, Парламент күшейеді.

«Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылауды күшейту, бірінші кезекте, заң шығару процесіндегі төменгі Палатаның рөлін күшейту сияқты функциялар беріледі, депутаттық корпусты, яғни Парламент Мәжілісінің құрамын сайлау жөніндегі халықтың өкілеттіктері кеңейтіледі. Екінші бағыт бойынша Парламент Мәжілісіне Үкімет қызметін бақылау бойынша қосымша өкілеттіктер беріледі. Үшінші бағыт – жаңа институттар құру және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған тетіктерді күшейту», – деп түсіндірді спикер.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз