Әлемдік Nickelodeon телеарнасы қазақ тілінде көрсетіле бастады

0
392
Photo: Bluescreen.kz

Балалар мен жасөспірімдерге арналған америкалық Nickelodeon HD телеарна қазақ тілінде көрсетіле бастады.

“Nickelodeon HD – балалар мен жасөспірімдерге арналған бүкіл әлемге танымал телеарнаны енді қазақ тілінде көре аласыздар. Күллі жер бетіне танымал “Спанч Боб шаршы шалбар”, “Құтқарушы күшіктер”, “Қауіпті Генри”, “Тынымсыз балақайлар”, “Сэм мен Кэт” және басқа да ең танымал анимациялық сериалдарды тамашалаңыздар”,- делінген хабарламада.

Жоба аясында жыл соңына дейін премьералық бағдарламалардың 354 эпизодын шығару жоспарланған.

Телеарна өкілдерінің сөзінше, Қазақстанда Nickelodeon брендінің кеңеюі және оның қазақ тіліндегі бағдарлама аудиториясының ұлғаюынан бөлек, телеарна ұлттық өндірушілерді балаларға арналған брендтік өнімдер шығаруға ынталандыратын болады.

Қазақстанның Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Nickelodeon шешімін қолдаған.

Nickelodeon телеарнасы 40 жыл бойы балалар мультфильмдері мен шоуларын шығарып келеді. Оның ішінде «Губка Боб шаршы шалбар», «Смурфиктер», «Жұлдызды жол: Протостар» және «Трансформерлер» сияқты танымал анимациялық шоулар бар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз