Нұр-Сұлтанда 21 мамыр күні велошеру өтеді

0
213
photo: gov.kz

Елордада 21 мамыр күні веломаусымның ашылуына және балалар жылына орай жаппай велошеру өтеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі хабарлады.

Велошеруге қатысуға қаланың барлық тұрғындары мен қонақтары шақырылады. Бұқаралық велошеруге қатысушылар Қабанбай батыр даңғылынан бастап, мемлекеттік рәміздер алаңын кесіп өтіп, «Астана Арена» стадионы жанындағы көлік тұрағында мәреге жетеді. Олар бас-аяғы бес шақырымды еңсеруі керек.

Велоспортшыларды тіркеу сағат 08:00-де басталады, ал жарыстың басталуы – сағат 09:00-де.

Ұйымдастырушылар велошеру спорттық жарыс емес екенін айрықша айтып өтті. Сол сияқты тіркелген қатысушылар арасында лотерея өтіп, бағалы сыйлықтар ойнатылады.

Осыған байланысты Қабанбай батыр даңғылында ҚР Мемлекеттік рәміздері алаңынан «Астана Арена» стадионына дейінгі аралық сағат 09:00-ден 10:00-ге дейін жабылады.

photo: gov.kz

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз