ЕҰУ-да журналист Төлен Тілеубайдың кітабы таныстырылды

0
219
Кітап таныстырылымына жиналған көпшілік.

19 мамырда Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика және саясаттану факультетінде белгілі журналист, әлеуметтік ғылымдар магистрі Төлен Тілеубайдың жаңа кітабының таныстырылымы өтті.

БАҚ мәселесін талқылау түрінде өткен осы басқосудыашқан алаштанушы-ғалым, аталған университеттіңпрофессоры, Журналистика және саясаттану факультетініңдеканы Қайрат Сақ:

«Алдымызда үлкен саяси маңызды шешім тұр. Қазақстанның келешегін айқындайтын өзгерістер халықтықреферендумға шығарылады. Бұлмемлекеттік жүйеніөзгертетін, әділетті Қазақстан орнатуға жасалған нақтықадам. Конституцияның баптарына күрделі өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Журналистика – қоғамның айнасы, қозғаушы күші. Қоғам қандай болса, журналистиканың үніде сондай. Қоғамды өзгертетін де журналистика. Журналистика технологиясы жедел қарқынмен дамуда. Бүгін осы мәселе төңірегінде пікір алмасатын боламыз»,- деді.

Қатысушылар «Қазақ баспасөзі халықаралық деңгейде өзгеелдердің медиасымен бәсекелесе ала мадеген сауалдартөңірегінде ой қозғады.

«Kazaknews» ақпарат агенттігінің жетекшісі, «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің вице-президенті Доған Йылдыз мырза: «Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында баспасөз саласына үлкен мән беріп, арнайы мәселе көтерді. Бұқаралық ақпаратқұралдарының (БАҚ) бәсекеге қабілетін арттыру, жауапкершілігін күшейту қажет екенін айтты. БАҚ-тыңкелешегі қалай болатыны бәрімізді толғандырады. Өткеншақтың технологиясымен, әдіс-тәсілдерімен болашақтықұра алмаймыз. Келер күндердің жаңа проблемаларынадайын болуымыз керек. Журналистиканың маңызы арта береді. Қазір кез келген жаңалық толассыз жүріп жатқан ақпарат ағыны арқылы әлемге тарап жатыр. Төлен Тілеубай осы оқу құралын жазамын дегенде, бірден қолдайтынымды айттым» деген пікірін білдірді.

Кітап авторы Төлен Тілеубай «Цифрлық жолайрық: Қазақстан газеттерінің бүгіні мен ертеңі» атты өзінің оқуқұралын профессор ұстазы Зарқын Тайшыбайдыңбасшылығымен жазып шыққан екен.

Студенттердің сұрағына орай ол: «Ғылыми диссертациямды оқуқұралына айналдырған себебім журналистика саласындабілім алып жүрген студенттерге, магистранттарға пайдасытисін дедім. Цифрлық технологияның қазіргі медиа саласына әкелген өзгерістері зерттелді. Классикалықмодельдің дағдарысы, цифрлық жолайрықтағыжурналистиканың даму үрдістері қамтылды. Сондай-ақықпалдасу заманындағы байланыстарды зерделеп, сараптама жасауға тырыстым»,- деп жауап берді.

Ақын-журналист Айбатыр Сейтақ оқырманға жаңа кітабын ұсынған Т.Тілеубайдың журналистика саласының келешегіне көз жүгіріп, терең зерттеуі құптарлық іс екенін атап өтті. Оның жазған ақпараты әлемді шарлап кетеді. Еш уақытта қателесуіне болмайды. Сондықтан біздіңелімізде де оң өзгерістер орын алып, қаламақы төлеу жүйесіқалыптасып, журналистердің еңбегі жоғары бағаланып, жаһандық деңгейде бәсекеге қабілетті болатындай жағдайжасалуы қажет» деген ұсынысын алға тартты.

Аталған факультеттің білікті ұстаздары Гүлмира Әшірбекова, Ғалия Манатқызы, Гүлжазира Құдайбергенқызы жаңа кітап туралы пікірлерін білдірді.

Атап айтқанда, Г.Әшірбекова: «Әлемдік медиа күрделіөзгерістерді бастан кешкен. Батыс елдері сол жолдан өтіп, медиа нарығындағы өз аудиториясы үшін батылшешімдерге барған. Оқырманмен кері байланыс орнатқан. Сол дәстүр бізге де еніп келеді. Қазір «Егемен Қазақстан», «Айқын», «Түркістан», «Алаш айнасы» сияқты қазақгазеттері де соған бейімделуде. Олар сұранысқа орай ішкіқұрылымы веб-редакция және дәстүрлі редакция болыпбөлініп, жаңа жүйеде жұмыс істеуде. Цифрлықтехнологияның мүмкіндіктерін ашып көрсеткен бұл кітапбіздің стууденттер үшін өте қажет. Тіпті дипломдықжұмысқа пайдаланудамыз. Біздің іздегеніміз бұл кітаптабар»,- деп өз ойын ортаға салды.  

Қайрат Сақ: «Бұлжаңа заманның жаңа оқу құралы. Студенттердің өз мамандықтарын тереңірек зерделейтүсуіне оң ықпал етеді деген ойдамын»,- депқорытындылады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз