Түркістанда алғаш рет мектепке күннен қуат алатын қондырғы орнатылды

0
257
photo: pixabay.com

19 мамырда Түркістан қаласындағы Ж.Тәшенов атындағы №23 IT лицейіне қуаттылығы 50 киловатқа тең күн электр станциясы орнатылды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түркістан облысының әкімі жаңартылатын энергия көздерін дамыту өте маңызды екенін мәлімдеп, күн көзінен қуат алатын мектептің ерекшелігін атап өтті.

“Бүгін жиналып отырған білім ұясында информатика пәні тереңдетіліп оқытылады. Бірінші рет осы мектепке күн электр қондырғысын орнатып отырмыз. Біріншіден, мектептің электр қуатына жұмсайтын шығыны едәуір азаяды, екіншіден, оқушылар жаңартылатын энергия қалай өндірілетінін өз көздерімен көріп өседі,” – деді Өмірзақ Шөкеев.

Мектепті жаңғырту жобасы шығындарды, энергия тұтынуды және көмірқышқыл газы мөлшерін қысқартады. «Жасыл» экономиканы дамытуға, қоршаған ортаны қорғауға, ауаны тазартуға мүмкіндік береді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз