Тоқаев ҰҚК-ні реформалау туралы жарлыққа қол қойды

0
217
Photo: KazTAG

17 мамырда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев “Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кейбір мәселелері туралы” № 893 жарлыққа қол қойды. Бұл ақпаратты 20 мамырда ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады. 

“Осы жарлықпен ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін жетілдіруді көздейтін Қазақстан Республикасы президентінің 15 жарлығына түзетулер енгізілді. ҰҚК-нің жаңартылған құрылымы бекітілді. ҰҚК-нің жекелеген мемлекеттік мекемелері қайта ұйымдастырылып, оңтайландырылды.”, – делінген ҰҚК ресми сайты таратқан ақпаратта.

Қаңтар оқиғасы кезінде елде ҰҚК басшысы Кәрім Мәсімов “мемлекетке опасыздық жасады” деген күдікпен ұсталғаннан соң бірнеше күннен кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев ведомствоның “қызмет форматын өзгертуді” тапсырған.

Тоқаев наурыз айында халыққа жолдауында Қаңтар оқиғасы кезінде “мемлекетке опасыздық жасаған жоғары лауазым иелері арасында әскери және арнаулы органдар басшылары болғанын, олар күштік құрылымдардың заңға сәйкес қимылдауына кедергі келтіріп, мемлекет басшылығына қалалардағы ахуал туралы жалған ақпарат бергенін айтқан.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз