“Сәуір айында Қазақстанда ауа райы екі рет күрт суытады”

0
132
Аспан. Көрнекі сурет.

Сәуір айында Қазақстанның солтүстік бөлігі климаттық норма шегінде, ал оңтүстік бөлігінде нормадан 1°С жоғары температура күтіледі. Бұл туралы “Қазгидрометтің” баспасөз қызметі хабарлады.

“Сәуір айының бірінші және екінші онкүндігінде Скандинавия аймағынан солтүстік-батыс және Ресейдің Еуропалық аумағының оңтүстігінен батыс ағындарының келуі жиілейді. Соның салдарынан ауа райы 2 рет күрт суытады”, – делінген хабарламада.

Бірінші онкүндіктің ортасында және екінші онкүндіктің бірінші жартысында күн суытады. Қазақстанның солтүстік және солтүстік-батысында түнде 3-8 градусқа дейін төмендейді, кей жерлерде 11 градус аяз, күндіз 0-5 градус, кей жерлерде 8 градус жылы болуы мүмкін.

Қазақстанның оңтүстік жартысында түнде 0-5 градус жылы, кей жерлерде 0 градус, күндіз 10-15 градусқа дейін, кей жерлерде 20 градус жылы болуы ықтимал. Батыста бірінші және екінші онкүндіктің басында суытады, түнде 0-5 градус аяз болады, күндіз 5-10 градусқа дейін жылы болуы мүмкін.

Қазақстанның орталығы және шығысында бірінші онкүндіктің соңында және екінші онкүндіктің ортасында суық ағын өтеді. Ауа температурасы түнде минус 3-8 градусқа дейін төмендейді, кей жерлерде 11 градус суық, күндіз 5-10 градус шамасында жылы болады. Күн күрт суытқаннан кейін қайтадан жылиды. Кей күндері бірінші және үшінші онкүндіктің басында ауа температурасы солтүстікте, орталықта және шығыста 8-13 градусқа дейін көтерілетін болса, кей аймақта 18 градус жылы болады.

Қазақстанның оңтүстік-батыс және оңтүстік бөлігінде 20-25 градусқа дейін, кей жерлерде 15 градус жылы, үшінші онкүндіктің басында кей жерлерде 30 градусқа дейін ыстық болады.

Сәуірде республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормаға жуық, елдің оңтүстік-батыс бөлігінде және орталықтың кей жерлерінде нормадан аз, елдің шығысында және оңтүстік-шығысында кей жерлерде нормадан жоғары түседі деп болжанады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз