Дмитрий Баландин көлігінің автоәйнегін ұрлады деген күдікті ұсталды

0
68
Сурет: tengrinews

1 cәуір күні Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің көлігінің автоәйнегін ұрлады деген күдікті ұсталды. Бұл туралы Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі хабарлады. 

Полицейлердің айтуынша, сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (“Ұрлық”) бойынша жүргізіліп жатыр.

“Криминалдық полиция басқармасының мәліметінше, күдікті осы түні сол жерде Range Rover маркалы автокөліктің әйнегін ұрлаған. Тергеу жүріп жатыр”, – деді полиция өкілдері. 

Еске салайық, Алматыда жүзуден олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің көлігінен айнасын ұрлап кеткен еді. Оқиға Құрманғазы, Абылай хан және Байсейітова көшелерінің қиылысында болды. Спортшы достарымен түскі ас ішіп отырған, кейін далаға шыққанда айнасын шешіп алып кеткенін байқап, полицияға шағымданған.

“Toyota Land Cruiser айдаймын, оны Олимпиададан кейін сыйлаған. Бір айнасы шамамен 400 мың теңге тұрады. Біз Денис Тенді өлтірген жерге жақын отырғанбыз. Адамдар әлі де айна ұрлайды, ашуың келеді. Халық өзгермейді”, – деді Дмитрий Баландин.

Алматыда Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің көлігінен автоәйнегін ұрлау сәті видеоға түсіп қалған. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин мәлімдеді.

“Шынымен де, біздің Олимпиада чемпионымыз Дмитрий Баландиннің автоәйнегін ұрлау дерегі тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүріп жатыр. Камералар осы қылмысты жазып алған. Таяу уақытта Алматы қалалық полиция департаменті осы қылмысты істеген қаскөйлерді ұстайды”, – деді Юрий Ильин.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз