Қызылордада әскери тікұшақ неліктен апатқа ұшырады?

0
89
Әскери тікұшақ

1 сәуір күні ҚР ҚК әуе қорғанысы күштері әскери-әуе күштерінің қолбасшысы Дәурен Қосанов Қызылорда облысындағы әскери тікұшақ апатының себебі туралы айтып берді. Бұл туралы ОКҚ-де өткен брифингте хабарланды.

Авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов оқиға орнына бірінші болып жеткендердің бірі екенін айтқан. Ол тікұшақтың не себепті құлағаны туралы алдын ала болжамдарды атады.

Бұл техниканың істен шығуына, адамдық фактор немесе ауа райының қолайсыздығынан болуы мүмкін. Оның айтуынша, арнайы комиссия тексеру қорытындысын шығарғанда, себептері жарияланады екен.

“Куәгер, шаруа қожалығының иесі былай деді: “Тікұшақ тура менің үстімнен ұшып өтіп, құлады”. Сонымен қатар, тікұшақ бөліктерінің жан-жаққа ұшуы экипаждың соңына дейін әуе кемесінің өміршеңдігі үшін күрескенін көрсетеді. Тікұшақты ары қарай алып кетіп, жердің ешқандай зардап шекпеуін, соның ішінде шаруа қожалықтарының бүлінуінен сақтаған. Менің ойымша, біздің жігіттер – батырлар. Барлық 13 адам”, – деді Қосанов ОКҚ брифингінде.

Дәурен Қосановтың айтуынша, Ми-8 тікұшағы 1988 жылы шығарылған. Осыған дейін ол Алматыда 405-ші авиа жөндеу зауытында толық жөндеуден өткен. Екі мың сағат немесе сегіз жыл ұшқан.

Еске салайық, Ми-8 тікұшағы 27 наурызда апатқа ұшыраған болатын. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде Ми-8 тікұшақтарының ұшыру тоқтатылды.

Әскери тікұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына миллион теңгеден беріледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз