Аппараттық кеңесте Астана әкімі Әсет Исекешев үш аудан әкімдеріне алғашқы қар түскенге дейін көлік жүретін жолдарды қалыпқа келтіруді тапсырды деп хабарлайды қалалық әкімдіктің медиа-орталығы.
Қаланың аудан әкімдері жиналыста бірқатар баяндамалар жасады.
«Біз Қобыланды 7 орналасқан спорт алаңын аяқтаймыз, онда үлкен футбол алаңы болады. Аудан тазалығы мен жылытуға қатысты жағдай бізде тұрақты», – деп мәлімдеді «Алматы» ауданы әкімінің орынбасары Әділбек Сәрсембаев.
Қазіргі уақытта «Есіл» ауданында «Құлагер-1» ТК, «Құлагер-2» ТК, «Сауран» ТК, және «Триумфальный» алаңдары абаттандырылды.
«Біз 270 орынға арналған көлік тұрақтарын абаттандырдық, әрі кварталішілік жүру жолдарының жөндеу жұмыстарын жасап біттік, 23 жүру жолдарын біз жасақтадық, келесі жылға тағы да осындай бірнеше жүру жолдары қалды », – деп атап өтті «Есіл» ауданының әкімі Ермағанбет Бөлекбаев.
Бүгінгі күні «Сарыарқа» ауданында 195 аула абаттандырылған.
«Бұл бағытта жұмыстар әлі де жалғасуда, ауа-райына қарай жұмыс жасай береміз. Жыл басынан бері 75 үй 114 шаммен жабдықталды, енді 244 үйді жарықтандыру жұмыстары тұр, біз оны жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз», – деп баяндады ол.
Нәтижесінде әкімдер жалпы қаланы жақсарту бойынша жағдай тұрақты екенін атап өтті.
Ал қала әкімі Әсет Исекешев қар түскенге дейін жолдардағы кемшіліктерді жою туралы тапсырма жүктеді.
Сабина Сайлаубай