Мемлекеттік қызметкерлерге смартфон қолдануға рұқсат берілуі мүмкін

0
116
ашық дереккөзден алынды

Қылмыстық және әкімшілік процестерді цифрландыру есебінен мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік органдар ғимаратында смартфондарды пайдалануға қайтадан рұқсат берілуі мүмкін.

«Иә, әрине, цифрландыру мобильділікті талап етеді. Бұл мәселе, қаралуы мүмкін», – деп мәлімдеді Мәжіліс отырысынан тыс жерде ҚР Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлайды.

Бұдан бұрын Ахметжанов тергеушілердің ыңғайлылығы үшін емес, қоғам үшін цифрландырудың қажеттілігін атап өткен еді. Сонымен қатар ҚР ІІМ электрондық тергеу жүйесіне көшу үшін ішкі істер органдарының техникалық жабдықтарының әлсіздігін мәлімдеген болатын.

Атап өтерлігі, 2016 жылғы наурызда барлық мемлекеттік органдардың ғимараттарында мемлекеттік  қызметкерлер мен қонақтардың мобильді құрылғыларды (смартфондар, планшеттер, смарт-сағаттар) пайдалануына тыйым салынған. Бұл шара мемлекеттік қызметкерлердің мобильді құрылғыларды қызметтік мақсатта пайдалануы яғни WhatsApp қосымшасы арқылы қызметтік ақпараттар ағыны фактілерінің жиілеуіне байланысты енгізілді.

Cабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз