Қазан айының аяғы жаңбырлы әрі суық болады – синоптиктер

0
134
ашық дереккөзден алынды

Қазанның екінші жартысында Қазақстанның көп бөлігінде ауа-райы тұрақсыз болады. Бұл туралы гидрометеорологиялық орталық директоры Марина Шмидт Орталық коммуникация қызметінің бақылау конференциясында хабарлады.

«Қыстың ерте келуі күтілуде, бірақ көліктің дөңгелегін ауыстыру немесе ауыстырмау, әр жүргізушінің өз еркінде. 17-21, 25-28 қазанда ауа райы тұрақсыз болады деп күтілуде, түнде ауа температурасы нөлге дейін төмендеуі мүмкін, қар аралас жаңбыр жауып, тайғақ болуы мүмкін», – деп мәлімдеді М. Шмидт.

Ол сондай-ақ қыстың өткен жылғыға  қарағанда суық болуы күтілмейтінін айтты.

Бұдан бұрын да хабарланғандай, биыл қыс Қазақстанда ерте түсіп,  қарлы болады деп күтілуде.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз