19 шілдеде президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңес өткізді.
“Былтырғы жазда болған жағдайдың қайталануына жол беруге болмайды. Денсаулық сақтау жүйесінің бір қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажет. Өкінішке қарай, осы мәселеде олқылықтар бар”, – деді президент.
Президент өңірлердің басым бөлігі қызыл аймақта екенін атап өтті. Ауыр және аса ауыр жағдайдағы науқастардың саны күн сайын көбейіп бара жатқанына тоқталды.
“Коронавирус жұқтырғандар саны күрт артып кетті. Күн сайын 5 мыңнан астам науқас тіркелуде. Бір апта бұрын осы мәселені үкіметтің кеңейтілген отырысында қарастырдық. Сол кезде Үкімет ахуалды бақылауда ұстап отырмыз деп мәлімдеген болатын, – деді ол.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі уақытта өзекті мақсат – вирустың таралуын тоқтату емес екенін айтады. Өйткені әлемдік тәжірибе мұның мүмкін емес екенін көрсетіп отыр.
Ең бастысы – аса ауыр науқастардың көбеюін болдырмау, адам өмірін сақтау. Сондықтан оның бір ғана жолы бар. Бұл – жаппай вакцинация, екпе салу, – деді ол.
Президент Тоқаев азаматтардан айырылып жатқанымызды айтып, шұғыл түрде іс-шаралар қолдану керектігіне тоқталды. Тиісті жұмыс жоспарын дайындап, оны міндетті түрде іске асыруымыз қажет деп тапсырды.